Жаңалықтар

Жаңа директор тағайындалды!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры лауазымына 2024 жылғы 15 сәуірден бастап Ғазиз Мұхитұлы Косыбаев тағайындалды.

 Ғазиз Мұхитұлы 2005-2009 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих мамандығы бойынша оқып бітірген. 2012 жылы аталған университетті магистратура бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметінен бастаған ол, 2018-2021 жж. Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі, 2021-2024 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Кәсіби даму институтының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкес «Жоба басшысы» сертификатталған.

Академия филиалының ұжымы Ғазиз Мұхитұлын басшы лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтай отырып, жауапты қызметте абырой, жеңістер мен жетістіктер тілейді!


0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x