Білімі.
Жоғары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (2009-2013 жж.), Әлеуметтік ғылымдар факультеті,
Мамандық: Әлеуметтану
Біліктілігі: Бакалавр.
Жоғары: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (2016-2019 жж.)
Мамандық: Құқықтану.
Біліктілігі: Бакалавр.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (2018-2020 жж.)
Мамандық: Тарих
Біліктілігі: Магистр
Еңбек өтілі
- 2009 – 2012 жж. «Астана зерттеу» ҚҚ интервьюер;
- 09.09.2013–10.01.2014 жж. «Семсер Гарант» ЖШС заңгер көмекшісі;
- 17.03.2014–09.11.2016 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының референті;
- 09.11.2016–08.11.2017 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының сарапшысы;
- 23.11.2017–15.02.2018 жж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметінің жетекшісі;
- 16.02.2018–02.04.2018 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалының қаржы-әкімшілік бөлімінің инспекторы;
- 03.04.2018 – қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру кабинетінің жетекші сарапшысы;
Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу
- 2014–2016 жж. «Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және бұқаралық саясат: қоғамдық келісімді нығайтудағы басқару мен азаматтық қатысу технологияларын әзірлеу» жобасының орындаушысы;
- 2014–2016 жж. «Ірі этностық топтардың тарихын қоса алғандағы Қазақстан республикасындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» жобасының орындаушысы.
Қосымша мәліметтер
- 2018 жыл Жобалық менеджмент саласындағы жұмыстарды жүргізуге қажетті «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкес «Жобаның басшысы» санатын куәландыратын сертификат;
- 2018 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиал жұмысының өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін Филиал директоры С.А. Түменбаевтың Алғыс хаты;
- 2017 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәртебесін нығайту жолында қол жеткізген табыстары мен лауазымдық міндеттерді жауапкершілікпен атқарғаны үшін Академия ректоры Ф.Н. Жақыпованың Алғыс хаты;
- 2016 жыл – «KAZAKHstan for peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысын дамыту шеңберінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерін кәсіби жариялау стандарттары» тақырыбындағы республикалық семинар-тренингке қатысқанын растайтын сертификат;
- 2015 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының игілігі жолындағы істері және лауазымдық міндеттерді жауапкершілікпен атқарғаны үшін Академия ректоры Б.С. Абдрасиловтың Алғыс хаты;
- 2010-2012 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіның әскери кафедрасының түлегі, Запастағы лейтенант;
- 2012 жыл – Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша әскери дайындық жүргізу ісіндегі жеткен жетістіктері, үлгілі әскери тәртібі мен бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының бастығы генерал-майор У.Еламановтан Мадақтама;
- 2011 жыл – қалалық әлеуметтік зерттеулерді өткізу бойынша интервьюер біліктілігін дәлелдейтін сертификат;
- 2010 жыл – университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласып, оқуда озат болғаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Б.Ж. Әбдірайымның Құрмет грамотасы;
- 2010 жыл – әскери дайындық жүргізу ісіндегі жеткен жетістіктері, үлгілі әскери тәртібі үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник С.Байгазиннен грамота;
- 2010 жыл – «Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы діни толеранттылықты қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық конференция жұмысына қатысқандығын растайтын сертификат;
- 2010 жыл – «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім бесігі» атты патриоттық акциясынан сертификат;
- 2009 жыл – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Жастар ісі жөніндегі комитет төрағысы Р.Теленчиновтен Алғыс хат;
- Бокстан спорт шеберіне үміткер.