Академия
жаңалықтары

«Бір тамшы қан –жанға араша»

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Донор бол» акциясы аясында Филиал қызметкерлері директор Рауан Садырқұлов пен бөлім қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облыстық қан тапсыру орталығына барып, қайтарымсыз көмек беру дәстүрімен қайырымдылық акциясына қатысты.
Қайырымдылық акцияның мақсаты – қанға мұқтаж жандарға қол ұшын созу.

Қазіргі өркениетті заманда адамдар, оның ішінде бүлдіршіндер қанмен байланысты түрлі аурулармен ауырып жатады. Айтып келмес жол апаттарымен түрлі операцияларда болатын қан кетулерде, еліміздің дәрігерлері қан қажет етеді. Ешкімде өз өміріне ешқандай қиындықтардың, жазатайым оқиғалардың болмайтынына кепілдік бере алмайды.

Осыған байланысты, әрбір адамға үміт сыйлау, өз өміріне деген үмітін нығайту, «Бір тамшы қан –жанға араша»- деп, ойлау және қаңға мұқтаж азаматттарға қан беріп дертінен айырып, өмірін алып қалу мақсатында Филиал қызметкерлері  қан тапсырды.

Қан тапсыру іс-шарасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры және бөлімінің қызметкерлері жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

14 Желтоқсан 2022
Барлығы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Филиал қыметкерлерімен кездесу өткізді.

2022 жылдың  13 желтоқсан күні  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиал қызметкерлірі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі – Байхожаев Берікбол Ұзақұлымен жұмыс кездесуін өткізді.
Танысу кездесуі барысында Берікбол  Байхожаев  қызметкерлерге  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі мен мақсаттары туралы, жақында қабылданған конституциялық Заң туралы хабардар етті. Уәкіл сондай-ақ, өзара өзекті мәселелер бойынша ақпаратпен бөлісті.

 

14 Желтоқсан 2022
Барлығы
БЮРОКРАТИЯСЫЗ АППАРАТ

«Бюрократиясыз аппарат»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Бюрократиясыз аппарат» Республикалық жобалар байқауына Жамбыл облысы бойынша филиалының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Зият Нурмаханов «Мемлекеттік және Мемлекеттік емес ұйымдар арасында тек келісім жасауға арналған бағдарлама құру»,

Айдана Олжабек «Бюрократиясыз әкімдік – Бюрократиясыз мемлекет»,

Мақсат Рахманқұл «Внедрение по изменению и улучшению портала Е-архив»,

Жайық Жасұланұлы «Дебюракратизация внутри государственных органов»,

Бакытжан Абдураимов «Әкімшіліктегі қағазбастылықты азайтудағы технологиялық өзгерістер» атты осындай тақырыптарда өз жобаларын ұсынып, мемлекеттің даму үрдісіне өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.

Бұл байқауға Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері белсенді түрде соңына дейін  қатысатын болады.

25 Қараша 2022
Барлығы
Kitap fest–2022 «Алаш арманы- сайлау саңлағы»

2022 жылдың 18 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Kitap fest–2022 «Алаш арманы- сайлау саңлағы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілерге қазақтың салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын және кітап көрмелерін таныстыру болса, Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу басты міндет болды. Сонымен қатар «Ұлт рухының кемеңгері» (А.Байтұрсынов 150ж.), «Ұлт әдебиетінің тарлан тұлғасы» (Ш.Мұртаза 90ж.), «Әуезов тағылымы» (М.Әуезов 125ж.), «Балғын балалар біздің болашағымыз» (балалар жылына арналған ), «Жолдау –жарқын болашақ кепілі» кітап көрмелері қойылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, шерхантанушы Айнұр Кембаева: Шерхантанудың өзекті мәселелері тақырыбында «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының да жұмыстары таныстырылды. Орталық 90 жылдық мерейтойына орай V томдық жарық көрген кітапты Академия филиалына сыйға тарты.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Н. Қожамарованың  баяндамада «Шынның жүзі- Шераға» Шерхан ағаның архивте сақталған  құжаттары және тарихи жазба дереккөздері арқылы нақты фактілерді жинақтаса, мемлекеттік қызметшілерге. жазушының пайдаланған жазу машинкасы, сувенирлік қаламы, иіссу құтысы, портфелі, түрлі марапаттары, куәліктері және өзге де жеке басына қатысты құжаттарды назарына ұсынылды. Келешекте Шерхан Мұртазаның мұралары туралы ақпараттар топтастырылып, брошюра дайындау, бейнероликтер әзірлеу де жоспарда бар екендігін тілге тиек етті.

Бағдарламаның келесі бөлімі «Қыш ыдыс жасау» өнері болды. Қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі. Сондықтан елімізде бұл кәсіпке қызығушылық танытқандардың саны да жыл сайын артып келетіндігі айтылды.  Іс-шараның соңы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайының жетекші маманы Айнұр Әмірханқызының Филиал тыңдаушыларына мастер-класс өткізуімен аяқталды.

18 Қараша 2022
Барлығы
Қазақстанның көрнекті кітапханашысы!

Ұлттың рухани азығы болып табылатын асыл мұраларымыз жинақталған кітапхананың бүгінгі қоғамда алар орны ерекше.

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, асыл кітап біздің құнды дүниеміз болып қала бермек. Өткен ұрпақ пен келешек ұрпақ та тек кітәп нәрімен сусындап, білім алатыны анық.

Осындай кітапхана ішіне көрік беріп, қалың оқырманын қуана қарсы алатын әріптесіміздің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының кеңесшісі Нургельдинова Риза Кенесбекқызы. Әрдайым ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласып, қолдан келгенше көмегін аямайды. Өз жұмысына әрдайым жауапкершілікпен қарап, заман талабына сай ізденіс үстінде жүреді.

Риза Кенесбекқызының бүгінге дейін кітапхана саласына қосқан үлесі жетерлік. Еңбегінің бағаланғаны сол жақында «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» атты кітапқа шықты.   Әріптесімізді шын жүректен құттықтап қояйық!

Осындай аянбай еңбек ететін қызметкерлер қатары көбейе берсін.

27 Қазан 2022
Барлығы
Оқу тәжірибелік кабинет салтанатты түрде ашылды!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Халықаралық Тараз инновациялық институты мен М.Х.Дулати атындағы өңірлік университеті арасындағы төртжақты Меморандумның аясында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Мемлекеттік қызмет және Мемлекеттік басқару» оқу тәжірибелік кабинетінің  салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Оқу тәжірибелік кабинетінің мақсаты – білімгерлерге теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, тәжірибе жинақтауға ықпал ету.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.А.Сұлтанхан, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры э.ғ.д. М.А.Баяндин, Департамент қызметкерлері және Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор- оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты.

Іс-шара барысында ұжым басшыларының құттықтаулары айтылып, ұстаз ғалымдар және студенттердің пікірлері мен тілектері тыңдалып, алдағы мақсаттар мен жұмыс жоспарлары туралы пысықталып өтті.

08 Қыркүйек 2022
Барлығы