Академия
жаңалықтары

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

🔷 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталды.
🔹 Курс барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызметшіге қажетті заманауи білім мен дағдыларды меңгеріп, кәсіби құзыреттерін арттырды.
🔹 Қорытынды кезеңде қатысушылар ойлау дизайны құралдарын пайдаланып, өзекті тақырыптар аясында топтық жобалар әзірлеп, табысты қорғады.
🔷 Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің жаңа буынына жаңашыл ойлау мен шығармашылық тұрғыдан дамуға мүмкіндік берді.

 

26 Қыркүйек 2025
Барлығы
АКАДЕМИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ТЕАТРДА

Жамбыл облысы филиалының қайта даярлау курс тыңдаушылары А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына барып, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымын тамашалады.
  Театр өнері тыңдаушыларға ұлт руханияты мен мәдениетінің тереңдігін сезінуге, шығармашылық шабыт алуға мүмкіндік берді.
  Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби дамуына тың серпін береді деп ойлаймыз.

 

26 Қыркүйек 2025
Барлығы
Филиал «Б» корпусының мемлекеттік қызметіне алғаш кіргендерге арналған қайта даярлау курсы тыңдаушыларымен мотивациялық кездесу өткізді.

Кездесу қонағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Копдикбаев Болат Исаханұлы

Кездесу барысында Болат Исаханұлы мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар мен мүмкіндіктер және мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі мен қызметтегі құндылықтар туралы айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

24 Қыркүйек 2025
Барлығы
Тренерлер арасында конкурс жарияланды

⚜️Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалы 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарлары аясында ақылы негізде дәріс оқитын тренерлер үшін конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын талаптары:
🔹Жоғары білімінің /магистр дәрежесінің болуы, PhD,ғылым кандидаты немесе доктор дәрежесінің болуы құпталады;
🔹Мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің немесе квазимемлекеттік секторларда кемінде үш тренинг өткізу тәжірибесінің болуы (іске асырылған жобалар үміткердің түйіндемесінде көрсетіледі);
🔹Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, академияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын білу (әңгімелесу кезінде расталады);
🔹Мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;
🔹Оқытудың интерактивті әдістерін меңгеру (дәрісті қашақтықтан оқыту дағдысының болуы);
🔹Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсінү;
🔹Ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше)

📩Эл. пошта: zmb.info@apa.kz
📥Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 23 қаңтары сағат 17:30-ға дейін келесі құжаттарды zmb.info@apa.kz эл. поштасына төмендегі құжаттарды жіберу қажет.
✔ Түйіндеме (үлгі бойынша)
✔ Ұсыныс хаттар ( болған жағдайда)
✔ Жоғары білім туралы құжат;
✔ Таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша);
Толығырақ карусельде
📍Мекенжайы: Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесінің бұрылысы 8А.

14 Қаңтар 2025
Барлығы
«IQ -Battle» интеллектуалды сайысы өтті

🔹Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсынан өтіп жатқан мемлекетік қызметшілер арасында Академияның 30 жылдық мерейтойына арналған «IQ -Battle» интеллектуалды сайысы өтті.

🔸Сайыстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерінің командада жұмыс істеу, мәліметтерді саралау, жедел шешім қабылдау сияқты дағдыларын ойын жағдайында дамыту.

🔹Іс-шараны Филиал директоры Ғазиз Мұхитұлы Қосыбаев ашып, Академияның құрылғанынына 30 жыл толуымен қатысушыларды құттықтады және командаларға сәттілік тіледі.

🔸Сайысқа қатысушылар «Алаш», «Сұңқар», «Болашақ» және «Қыран» атты төрт топқа бөлініп, 4 кезеңен тұратын сайыста бақ сынасты. Олар: команда жасақтау, «Warm-up», викторина және командалық тапсырманы шешу. Сайыскерлердің жауаптарын арнайы тағайындалған комиссия бағалап, шешім шығарып отырды. Сайысқа қатысушылар барлық кезеңдерде өз белсенділігін көрсетіп, жеңісті қолдан бермеуге барын салды.

🔹Әр кезеңде әртүрлі командалар көзге түсіп жатты, алайда жеңіс сайыстың барлық кезеңдерінде бірыңғай жоғары нәтиже көрсете білген «Алаш» тобы жеңіске жетті.

🔸Сайыс барысында көзге түскен командалар мен жекелеген ойыншылар «Ең белсенді команда», «Ең зерек команда», «Үздік капитан» сияқты номинациялар бойынша марапатталды. Барлық командаларға естелік сыйлықтар табысталды. 

15 Қазан 2024
Барлығы
Комплаенс қызметтің цифрлық платформасының презентациясы өтті

🔹Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен облыстық әкімдіктің білім басқармасына қарасты квазимемлекеттік сектор ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

🔸Кездесудің негізгі мақсаты – Академия мен оның серіктесі ұсынып отырған, ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олармен жұмыс істеуге арналған комплаенс қызметтің цифрлық платформасымен таныстыру. Платформаның жұмыс істеу қағидаларын Академия серіктесінің өкілдері Асылбек Есенов пен Айпара Адибай егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

🔹Кездесу барысында сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, мүдделер қақтығыстарын анықтау, ұжымдағы адалдықты арттыру, ішкі талдау процедуралары, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау және басқа да мәселелер қызу талқыланды.

🔸Аталған платформаны кеңінен қолданысқа енгізу кез келген ұйымның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтауға және ол тәуекелдерден туындауы мүмкін зиянды салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. Кездесуге қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысы Ербол Жұмақадырұлы Бақтыхожаев та өз тарапынан Платформаның еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзінің елеулі үлесін қосуға қабілетті екенін атап өтті.

03 Қыркүйек 2024
Барлығы
«Біз Академияның ажырамас бөлігіміз»

2024 жылдың 18 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылға арналған «Біз Академияның ажырамас бөлігіміз» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Филиал директоры Ғазиз Мұхитұлы Қосыбаев ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толуымен қатысушыларды құттықтады. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл онлайн қосылып құттықтау сөз сөйледі және оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Дөңгелек үстелге сонымен қатар Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шәмелұлы Шәріпов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы Исмаил, Филиалдың бұрынғы басшылары мен ардагерлері Дүйсенбек Исахметұлы Абдраимов, Лесбек Шәйменұлы Егембердиев, Болат Байысбайұлы Джамандыков құрметті қонақ ретінде қатысты. Ескере кетер жәйт – Лесбек Құралбайұлы мен Қайрат Әбілханұлы – Академияның әр жылдардағы түлектері. Кездесудің тағы бір маңызды қатысушылары ретінде Академияда білім алуға үміткер бірқатар жас мемлекеттік қызметшілердің шақырылғандығын атап өту керек. Жалпы, іс-шараның негізгі мақсаты да сол жас үміткерлердің ынтасын оятып, жігерін қайрау болатын.

30 жылдың ішінде Академия магистратура және докторантура бойынша 3 мыңнан аса түлекке сапалы білім берді. Бір жылда Академияда және өңірлердегі филиалдарда 40 мыңнан аса тыңдаушы кәсіби біліктілігін арттырады, соның 26 мыңы – мемлекеттік қызметшілер. Тарихы тереңде жатқан оқу ордасы осы жылдар аралығында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және бәсекеге қабілетін арттыру жолында ауқымды жұмыс атқарды. Алдағы уақытта Академияға бұдан да зор табыстар тілейміз!

Дөңгелек үстелдің соңында К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының дәстүрлі әншілері Ә. Әбдікерімов, Н. Әбдірашова әннен шашу шашты.

 

18 Маусым 2024
Барлығы
МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫМЫЗ ШЫРҚАЛДЫ

Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздеріне күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері еліміздің Әнұранын шырқады.

Жылда дәстүрге айналған бұл үрдіс өз жалғасын тауып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу-биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

 

04 Маусым 2024
Барлығы
Қордай және Шу аудандарының мемлекеттік қызметшілері үшін ақпараттық сессия.

Қордай және Шу аудандарының мемлекеттік қызметшілері үшін  ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау бойынша ақпараттық сессия өткізілді.

         Шара барысында филиалдың Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің жетекші сарапшысы Мәлік Асанов мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына білім беру бағдарламаларымен таныстырып, құжаттарды тапсыру шарттары, конкурстық іріктеуден өту кезеңдері және академияда оқудың артықшылықтары туралы айтты.

Кездесу барысында жиын қатысушыларына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының профессоры Бекмұхан Ахметов, «Комплаенс қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған іс-шараға 130-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты.

29 Мамыр 2024
Барлығы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі жағдайда құзіреттіліктер кез-келген мамандықтағы адам қызметінің сәттілігі мен тиімділігінің әмбебап өлшеуішіне айналды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі болашағы зор, қызметшілерді әрдайым білімі мен біліктілігін арттырып тұрғаны жөн. Бүгінгі таңда біздің елімізде де мемлекеттік қызметшілерді «жаңа тұрпатта» оқыту маңызды міндет болып табылады. Жаһандық ақпараттық әлем, цифрлық трансформация олардан мемлекеттік қызметтің жаңа ерекшелігін түсінуді және өз дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуындағы құзыреттілік тәсіл өзекті бола түсуде.

Ол мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мансаптық өсуді одан әрі ілгерілетуге ынталандырады, сондай-ақ, іс жүзінде барлық елдерде мемлекеттік қызмет кадрларын басқаруды ақпараттық қолдауды қалыптастырудың негізі болып табылады.

Құзыреттілік тәсіл соңғы уақытта персоналды басқару бойынша барлық қызметтің бастапқы нүктесі ретінде жарияланды. Оның көмегімен кадрларды іріктеуді жүзеге асыруға, олардың жұмысының сапасын бағалауға, мансап пен оқыту жүйесін құруға болады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы үлесі зор.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) мемлекеттік қызметшілерге заманауи білім алуға бағытталаған «Проактивті ойлау және жеке тиімділік» тақырыбында семинар өтуде.

Семинар ағымдағы жылдың 27-29 мамыр аралығында Филиал базасында өткізілуде.  Оқытудың басты мақсаты әкімшілік «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне кәсіби коммуникациядағы заманауи трендтерді, тұлға мен кәсіби әлеуетті дамыту технологиясы ретіндгі коучингін, басшының белсенділігін дамыту стратегиялары және басқа да бағыттарда заманауи білім алып, проактивті және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде мемлекеттік стратегияларды әкімшілендіру саласында қажет басқа да құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.

Семинарды арнайы шақырылған маман, Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Талғат Қуанышұлы Түркенов жүргізіп, өз тәжрибесімен бөліседі.

27 Мамыр 2024
Барлығы
СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

17.05.2024 ж. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғазиз Қосыбаев, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинеттінің жетекші сарапшысы Мәлік Асанов  Байзақ, Жамбыл аудандарына семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің мақсаты- Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары. Ғазиз Мұхитұлы өз кезегінде академия түлегі атанғысы келетін азаматтарға қойылатын негізгі талаптар бойынша түсіндіріп өтті.

Филиалдың Білім беру бағдарлаиаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің жетекші сарапшысы М. Асанов мемлекеттік қызметшілерді оқуға қабылдау мүмкіндіктері мен шарттары түсіндірді.

  Соңымен қатар, кездесуге  аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысып, туындаған сауалдары бойынша жауаптар алды.

 Іріктеу кезендерінен сәтті өтіп, Академияда сапалы білім алуларыңызға тілектеспіз!

 

 

17 Мамыр 2024
Барлығы
Академияға магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша  оқуға түсу бойынша көшпелі ақпараттық сессия өткізілді

2024 жылғы 2-13 мамыр аралығында облысымыздағы жергілікті атқарушы органдардың, атап айтқанда Жамбыл облысы әкімінің аппаратының, бірқатар басқармалардың, Жамбыл облыстық мәслихатының қызметкерлеріне арнап Академияға магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша  оқуға түсу бойынша көшпелі ақпараттық сессия өткізілді.

Ақпараттық сессия барысында Филиалдиректоры Ғазиз Мұхитұлы Косыбаев Академияға оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдаудың мерзімі,  жалпы оқыту бағыттары жайлы қысқаша баяндап, мемлекеттік қызметшілерді мүмкіндікті пайдаланып, белсенділік танытуға шақырды.

Филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің жетекші сарапшысы Мәлік Асанов өз кезегінде магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту нысандары, олардың ерекшеліктері, құжат тапсыру тәртібіндегі өзгерістер мен жаңалықтар жайлы кеңінен түсіндіріп берді.

Шара соңында мемлекеттік қызметшілер сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 

13 Мамыр 2024
Барлығы
ТЕАТР-РУХАНИЯТ ОРДАСЫ

17 сәуір күні Тараз қаласына гастрольдік сапарымен келген Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында  қайта даярлау курсында оқып жатқан мемлекеттік қызметшілерге арнап Х. Хурсандовтың “ӨЛДІК ТЕ, ҚҰРМЕТТІ БОЛДЫҚ” трагикомедиясын қойды.

Күнделікті күйбең тіршіліктің ағымында жүріп ата-анасымен кездесуге мұршасы жоқ перзенттер жайындағы қойылым тыңдаушыларымызға «қанша жерден жұмысбасты болсаң да ата-ананың қадірін көзі тірісінде біл» деген салмақты ой салды деп сенеміз.

 

17 Сәуір 2024
Барлығы
Жаңа директор тағайындалды!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры лауазымына 2024 жылғы 15 сәуірден бастап Ғазиз Мұхитұлы Косыбаев тағайындалды.

15 Сәуір 2024
Барлығы
Google DevFest -2023 Таразда!

2023ж. 16 қараша  күні Таразда алғаш рет Google қоғамдастығының ұйықты болуымен «Google DevFest 2023» ІТ-технологиялар жөніндегі ауқымды фестиваль өтті.

Аталған іс-шараға Google сарапшылары, қазақстандық IT мамандармен қатар, оқушылар, студенттер, IT-компаниялардың өкілдері арнай келіп қатысты.

Фестиваль аясында деректерді талдау мен ахуалдық орталықтарды дамытуға, Жасанды интеллект пен білім беруді цифрландыруға арналған үш панельдік сессия өткізілді.

Аймағымызда өткен үлкен іс шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару Академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалы өз үлесін қосты. Форум аясында арнайы қонақ болып шақырылған Филиал доценті Арсений Ауданбекұлы Бапанов Пленарлық сессияға қатысып «Қаланың сандық көлік артериялары және деректерді талдау»-«Цифровые транспортные артерии города и анализ данных»  тақырыбында баяндама жасады.

 

16 Қараша 2023
Барлығы