2023 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларына дәріс өткізетін эксперттерге/тренерлерге іріктеу комиссиясының отырысы өтті.
⠀
Байқауға қатысушылар мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы таңдалған тақырыптар бойынша презентациялары мен кейстерін ұсынды.