Өскелең ұрпаққа өсиет. Қысырау ата.

?? ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 25- жылдығына орай «͟͟2͟͟5͟͟ ә͟͟л͟͟е͟͟у͟͟м͟͟е͟͟т͟͟т͟͟і͟͟к͟͟ ж͟͟о͟͟б͟͟а͟͟»͟͟ аясында Жамбыл облысы бойынша филиалы «͟͟Ө͟͟с͟͟к͟͟е͟͟л͟͟е͟͟ң͟͟ ұ͟͟р͟͟п͟͟а͟͟қ͟͟қ͟͟а͟͟ ө͟͟с͟͟и͟͟е͟͟т͟͟»͟͟ жобасының серияларын бастады.

♦️ Жобаның мақсаты- өскелең ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, тәлім-тәрбиесін сақтауға бағыттау.

«Қариясы бардың- қазынасы бар»- демекші, біздің алғашқы сұхбатымыздың қонағы- көпті көрген, көнекөз ақсақал Бөгенбаев Қысырау ата, Сарысу ауданының тумасы.

«Шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен- үш ұлы сауап»- деген халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі келісті ойына қабысатын бастаманы көзі қарақты, көкірегі ояу ұлт жанашыры болатын жастарға ұсынамыз.?