«Туған күніңмен, балақай!» Мендібаева Айсана

Мінекей, тағы бір балақайды қуанту мүмкіндігі пайда болды. Ол, Мендібаевтар әулетінің ең кіші баласы- Мендібаева Айсана. Бүгін періштемізге 2 жас толып отыр?

?Туған күн – әр баланың ең сүйікті мерекелерінің бірі болған соң, бұл күнді олар күнделікті күннен ерекше қылып өткізгісі келеді. Сондықтан, филиал ұжымы кішкентай балақайды қуанту үшін бар ықыластарымен ат салысып, ойыншықтар, маусымдық аяқ киімдер және киім-кешектермен қоса, керемет көңіл- күй сыйлады.

?Бұл біздің ізгілік жолындағы игілікті бастамамыз!
____________________
Баланы тұлға ретінде қалыптастырып, оған дұрыс тәрбие берудің ең жақсы тәсілі – оның балалық шағын бақытты ету екендігін ұмытпайық.