Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында «Туған күніңмен, балақай!» атты жоба қолға алынды.

Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында «Туған күніңмен, балақай!» атты жоба қолға алынды.

Аталған жобаның аясында Филиал ұжымы алдын ала таңдалған көп балалы және аз қамтылған 5 отбасындағы 10 жасқа дейінгі балаларды жыл бойы туған күнімен құттықтай отырып, ол балаларға арманында жүрген сыйлықты алып беруді жоспарлап отыр.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар өз балаларын ең қажетті дегеннің өзімен толық қамтамасыз ете алмай жататындығы белгілі. Бұл жоба ең алдымен осындай отбасылардың балаларының арманын орындап, қуаныш сыйлап, олардың ата-аналарына да баланы тәрбиелеу ісінде қол ұшын беруді көздейді.

Филиалдың балалық шақты қорғауға қосқан осы азғантай үлесі басқаларды да ынталандырып, ізгі шара өз жалғасын табады деп сенеміз!